Генерал Прают Чан-оча елдеріміздің өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті. Осы үдерістегі Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) жоғары рөлін ескере отырып, Таиланд Астанадағы АӨСШК 6-шы Саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, тай үкіметінің басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту қажеттігі туралы айтты. Соңғы бірнеше жылда өзара тауар айналымы дәйекті түрде өсіп, одан әрі ынтымақтастық әлеуетін сақтап келеді. Логистикалық қашықтықты ескере отырып, Прают Чан-оча тауарларды жеткізудің балама жолдарын іздеу қажеттілігіне назар аударды. Бұл ретте тай компанияларының Қазақстанда бизнес жобаларды іске асыруға мүдделілігі атап өтілді.

Бұған қоса, тараптар жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өсіп келе жатқан проблемаға ортақ алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты Елші Қазақстанның бидайдың ірі өндірушілерінің бірі ретінде әлемнің мұқтаж елдеріне астық өнімдерін жеткізу әлеуетін атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар туризмді өзара дамыту мәселесін талқылады. Қазақстандық дипломат туристер ағымын арттыратын екі ел арасындағы тұрақты рейстер санының артуы туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты барлық деңгейде жалғастыруға келісті.