Ватикандағы Әулие Петр алаңында мыңдаған қажыларға сөйлеген Рим Епископы:

«Өткен аптада сейсенбіден бейсенбіге дейін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезіне орай Орталық Азиядағы алып мемлекет – Қазақстанда болдым. Республика Президентіне және Қазақстанның басқа да билік органдарына мені жылы қарсы алғаны және оны ұйымдастырудағы жомарт еңбектері үшін тағы да алғысымды білдіремін. Сондай-ақ епископтарға және барлық қызметкерлерге атқарылған үлкен жұмыс үшін, әсіресе олармен кездесуге және олардың барлығын бірге көруге мүмкіндік берген қуанышы үшін шын жүректен алғыс айтамын”, – деді Рим Папасы Франциск.