Мемлекет басшысының 2022 жылғы 4 қазандағы №1030 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:


«Құрмет» орденімен
 «Үстел теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушысы – оқытушысы Эльмира Қайырқызы Әлиева;

«Құрмет» орденімен «Қарағанды облыстық клиникалық аурухана» КМК бөлімше меңгерушісі Евгений Семенович Морозов;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ цех бастығы Алексей Александрович Берг;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Тентек» шахтасының учаске бастығы Артём Иренғайыпұлы Қасымов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ басшысы Ләззат Таймырқызы Қожахметова;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Kazakhmys Coal» ЖШС «Горный» учаскесінің машинисі Александр Владимирович Комарда наградталды.