Оның айтуынша, өтінімдер желтоқсан айына дейін қабылданады, бірақ ол құжаттарды, видеоларды қазірден бастап дайындауға кеңес берді. 


«Астана Опера театрының үлкен залында өтетін UMAI Ұлттық сыйлығын табыстау тек қатысушылар үшін ғана емес, барша Қазақстанның мәдениет өкілдері үшін айтулы күн болмақ. Әр номинацияға енген кез келген спектакль ұлттық болсын, классикалық немесе заманауи спектакль болсын, оның креативті шешімі болуы тиіс, әрі ол инновациялық элементтерді қамтуы керек. Қойылымдық топтық спектакльдің музыкалық бөлігін ауыстыра алмайтыны түсінікті. Бірақ визуалды бөлігі спектакльдің стенографиясында көркемдік идеясында, артистік шеберлігінде және көзқарас болуы керек», - деді спикер.