«UMAI Ұлттық сыйлығына қатысушылар, орындаушылар өзінің бойынан шыққан өнерді, аймақтық ерекшелікті, дәстүрлі мектептерді көрсете алады. Алатаудан, Алтайдан, Жетісудан, Батыстан шыққан әншілік-жыршылық мектептердің керемет орындаушыларды көреміз деп үміттенеміз. Ел арасында танылмай жүрген жастар да көп. Бұл байқаудың негізінде алтын дауысты, күміс көмей әншілеріміз кәсіби сахнаға, кәсіби өнерге жол тартады», - деді өнер иесі.