Форум барысында Каспий өңіріндегі сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері қарастырылады.

Көлік инфрақұрылымы, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту саласындағы бірлескен жобаларға басты назар аудару жоспарлануда.

Сонымен қатар, қатысушылар ортақ акваторияның балық және басқа да ресурстарын бірлесіп игеру, жер қойнауын игеру, сондай-ақ өзара инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылайды.

«Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша біз Каспий өңіріндегі көпқырлы ынтымақтастықты дамытуға серпін беретін және сайып келгенде, біздің мемлекеттер азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға көмектесетін нақты шешімдерге қол жеткізетінімізге сенімдімін», - деді шағын құрамдағы кездесуді ашқан РФ Премьер-Министрі Михаил Мишустин.

Форумның мақсаты – Каспий маңы мемлекеттерінің сауда-экономикалық қатынастарын және көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту. Бірінші саммит 2019 жылы 11-12 тамызда Түркіменстанда өтті. Екінші CEF жұмысына Каспий «бестігі» елдерінен, сондай-ақ Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстаннан 1000-нан астам делегат қатысуда.