2022 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 2 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті:

1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты);

2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі.

Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.

Орталық сайлау комиссиясы қоғамдық пікірге сұрау салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұд туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып, жүргізуге құқылы екенін еске салады.

Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ, қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялауға жол берілмейтініне назар аударамыз. (Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы).

Заңның бұл талаптары сайлау науқанын дайындау және өткізу кезеңінде өткізілетін қоғамдық пікірге сауал жүргізудің барлық түрлеріне қолданылады.