Іс-шараның мақсаты еліміздің ғарыш саласында ғылыми-техникалық және патенттік-инновациялық қызметті танымал ету.

Іс-шара өз алаңында «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «Ғалам» ЖШС, «KazAeroSpace» ЖШС, Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі өкілдерін біріктірді.

Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова Айдын Ақанұлы Айымбетовтің Қазақстанның ғарыш кеңістігін дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, еліміздің аэроғарыш саласының өкілдерін қарсы алып, кездесуді ашты.

Қазпатент директоры Ербол Оспанов қонақтарды ведомствоның қызметімен таныстырып, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен Қазақстан халқы арасында өнертапқыштық белсенділікті ынталандыруға бағытталған шаралары туралы айтып берді.

Қазақстандық ғарышкер, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ ғылыми – зерттеу жобалары аясындағы патенттік қызметі туралы аудиториямен бөлісті.

Аэроғарыш саласының өкілдері Қазақстанның ғарыштық байланысы, проблемалары, сын-қатерлері, жетістіктері, жоспарланған жобалары және ғарыш саласы үшін кадрлар даярлау туралы айтып, еліміздің ғарыш саласы саласындағы өз жобаларын таныстырды.

Казпатенттің физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының сарапшысы Назифа Бақтыбаева ғарыш өнімдері мен қызметтері нарығындағы жетекші компаниялардың патенттік белсенділігіне талдау жасады.

Қазақстанның NASA United Space School 2022 – дегі өкілі Ярослав Кравчук, Quantum STEM School Astana оқушысы Тәуекел Ерасыл және Казпатент сарапшысы, WSWA, SGAC ғарыштық ұрпақ консультативтік кеңесінің мүшесі - Назифа Бақтыбаева жарқын презентациялар жасады.

Іс - шараға жаңа буын өкілдері - Назарбаев Университетінің инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің студенттері, Astana Hub жас ғалымдары және Garden School оқушылары қатысатынын атап өту қуантады.