Конференцияға қатысушыларды Индонезия Конституциялық Сотының Төрағасы Анвар Усман мырза құттықтады.    

2017 жылы аталған екі өңірлік ұйым арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Онда конституциялық құқық, демократия, құқық үстемдігі және адам құқықтары саласындағы ынтымақтастық үшін негіз қаланған.

Форумға қатысушылар Азия және Африка құқықтық кеңістігіндегі негізгі құқықтарды қорғау мәселелеріндегі Конституциялық юрисдикция сұрақтарын талқылады, сондай-ақ конституционализм қағидаттарын іске асыру тәжірибесімен алмасты. 

Конференция қорытындысы бойынша екі қауымдастықтың бірлескен мәлімдемесі қабылданды.