Жиында ШОБ-ты дамыту, оның ішінде кәсіпкерлердің құқығын қорғау, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, электр энергиясы тарифтері, қосылған құн салығы мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкерлер қоғамдық тамақтану саласын жылумен, бау-бақша серіктестіктерін сумен қамтамасыз етуді және қайта өңдеушілерге салықтық жеңілдіктерді қарастыруды сұрайды.

Барлық көтерәдген проблемаларға қатысты министр өз пікірін білдіріп, әрбір мәселе жеке қаралатынына сендірді.

Бұдан басқа, ҰЭМ басшысы ШОБ-қа көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

«Мәселен, биыл Павлодар облысындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға 13,5 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылғы 4 қазандағы жағдай бойынша, 590 жоба жалпы сомасы 66,9 млрд теңге кредитпен субсидияланды. Ал берілген кепілдіктер көлемі 6,9 млрд теңге», - деп нақтылады ол.

Бұдан әрі, ведомство басшысы Павлодар облысы әкімдігінің ахуалдық-талдау орталығына барып, Павлодар қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.