Сонымен қатар жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар беру бойынша 28 кәсіпкер 96,3 млн теңге алды.

2022 жылға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 11.6 млрд теңге бөлінді. Осы қаражатқа ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 16.4 млрд.теңге несиенің жалпы сомасына 663 жоба қолдау тауып, 186 жаңа жұмыс орны құрылып, 117 жұмыс орны сақталды.

Оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша 13,2 млрд.теңге несиеге 314 жоба, 6.3 млрд. теңге сомасына 349 жобаға кепілдік беру бойынша қолдау көрсетілді.

Кәсіпкер Салтанат Бралина жоғарыда аталған бағдарламалар аясында "Қайта өңделетін шикізатты жинау және сату" жобасын іске асыруға қаржы алды. ECO Waste Aqtau компаниясы 5 жыл бойы Ақтау қаласында қайта өңделетін шикізат жинаумен айналысады. 2017 жылы кәсіпорын мемлекетен субсидия алды. Одан кейін аталған компания 2019 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша Жаңаөзен қаласында бизнесті дамыту мақсатында несие алды. Сондай-ақ, өткен жылы компания қайтадан Мемлекеттік бағдарламалар бойынша өз базасын сатып алу үшін несие алды. Бүгінгі күні қалада макулатура, полиэтилен және электрондық қалдықтар (компьютерлер, мониторлар, магнитофондар), бөтелкелер, химиялық заттар, алюминий банкалар, техника, картон, қағаз, кітаптар, журналдар альбомдар және т. б. қабылданатын 10 пункт бар.

Компания директорының айтуынша, 5 жыл ішінде олар өңдеуге 5 мың тоннадан астам шикізат жіберген.

Нұрсейіт Өркен - жас кәсіпкер, бала кезінен өнерге қызығушылық танытып, зергерлік бұйымдар жасаумен айналысады. 2019 жылы ол "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында конкурсқа қатысып, 2,5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алды. Осы сомаға ол зергерлік бұйымдар жасауға арналған жабдықты сатып алды. Бүгінгі таңда Нұрсейт Өркен түрлі металдардан сапалы сырғалар, сақиналар, алқалар жасап шығарады. Жас кәсіпкердің айтуынша, ол Ресей мен Украинадан келген зергерлердің 3D модельдеріне тапсырыс қабылдайды.

Ақтау қаласының тағы бір кәсіпкері Мұрат Тоқаев 2021 жылы "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша субсидия алды. Ағымдағы жылы ол өзінің "Dental art studio By Turan Akhmetov" клиникасын ашты. Клиника ең заманауи технологиялармен жабдықталған, онда стоматологиялық микроскоп, 3D-томограф және барлық қажетті жабдықтар бар. Сонымен қатар, осы клиникада 25-тен астам жұмыс орны құрылды.

Мұнайлы ауданының тұрғыны Жамилақан Жалғасова 2 жыл бұрын "Бастау-Бизнес" бағдарламасы бойынша оқудан өткен. Осыдан кейін ол іріктеуден өтіп, "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант алуға қатысты. Оның "Тұз үңгірі" жобасы ең жақсы жобалардың бірі ретінде бағаланды.

"Тұз үңгірі" - бұл қабырғалары мен едендері тұз блоктарымен жабдықталған бөлме. Мұндай бөлмелер емдік мақсатта қолданылады. Ол жерде емделуші пайдалы микроэлементтермен қаныққан ауаны жұтып, ем алады. Ең алдымен, тұз үңгірі балалар мен қарт адамдарға пайдалы, өйткені ондағы ауаны ингаляциялау иммунитетті қалпына келтіреді және нығайтады, қан қысымын қалыпқа келтіреді және жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң әсер етеді. Бұл сонымен қатар тұмаудың, аллергиялық реакциялардың алдын алуға көмектеседі. Бұл жерде өкпені темекі түтінінен және қоршаған ортаның ластануынан тазарту процессі жүреді.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттардың конкурстық комиссиясы өтті. Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру әлеуметтік желілерде жарияланды.
Конкурстық комиссияға барлығы 20 млн. теңге сомасына 167 жеке кәсіпкер қатысты. 4 кәсіпкер 5 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грантты жеңіп алды.