Бас прокуратура құрылымындағы бұл өзгерістер елден капиталдың кетуіне және шығарылған активтерді қайтаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауға мүмкіндік береді.

Құрылған Қызметтің негізгі міндеттері – экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және тауар нарықтарын монополиясыздандыруға, сондай-ақ шетелден заңсыз активтерді репатриациялауға ықпал еткен жағдайларды анықтау бойынша жүйелі шараларды әзірлеу және іске асыру.