«Бүгінгі күнге дейін заңның осы нормалары бойынша Жоғарғы Соттың судьялары болып бұрын судья болмаған 6 адам сайланды. Арнайы конкурс бойынша Астана қаласы сотының судьялары лауазымдарына бұрын судьялық лауазымдарды атқармаған құқықтың жекелеген салаларында 2 тәжірибелі-заңгер ұсынылды. Бұдан басқа, облыстық соттар төралқасы институтын тарату, барлық кадрлық мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде жасырын дауыс беруді енгізу, сондай-ақ мансаптық саты бойынша ілгерілеу кезінде төрағадан мінездемелер мен кепілгерліктерді алып тастау арқылы судьялардың басшылықтан тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды. Ашықтықты одан әрі қамтамасыз ету үшін Парламент Сенатында Жоғары Сот Кеңесінің конкурстық рәсімдерін онлайн-трансляциялауды енгізуді көздейтін заң жобасы орналасқан. Жолдауды іске асыру үшін қазіргі уақытта судьялардың өздері басшылық лауазымдарға сайлау тетіктерін енгізу бойынша тәсілдер әзірленуде. Сондай-ақ судьялардың сот төрағаларына тәуелділігін төмендете отырып, олардың тең мәртебесін қамтамасыз ету, оның ішінде сот төрағалары позицияларының бір бөлігін судьялық лауазымдарға ауыстыру, сондай-ақ сот жүйесіне мықты заңгерлерді тарту үшін ынталандыру есебінен одан әрі шаралар пысықталуда»,- деді спикер.


Қазіргі уақытта Кеңестің қарауына сот төрелігі Академиясын бере отырып, судьялыққа кандидаттарды даярлау және судьялардың біліктілігін арттыру; шекті жасты ұзарту, жұмыс істейтін судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұру және тоқтату мәселелерін беру тетіктері пысықталуда.