Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге (ТЭН) сәйкес электр станциясының мынадай техникалық көрсеткіштері көзделеді: электр қуаты – 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ. Құрылыстың жалпы құны – 239 млрд. теңгеден асады.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жоба бойынша тендерлік құжаттаманы әзірлеуде. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 312 бұйрығымен бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына тендер өткізу қағидаларының редакциясына сәйкес тендерді 2023 жылғы қаңтарда өткізу жоспарланған (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/172527/kaz).

Тендер өткізу туралы хабарландыру және тиісті тендерлік құжаттама Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында қосымша орналастырылатын болады.

ТЭН-де көрсетілген техникалық сипаттамалар бойынша толығырақ ақпаратпен төмендегі сілтемеге өту арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-energo/documents/details/300776?lang=kk.