Сұхбат барысында ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасылды, Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.

С.Зась Армения Республикасында 2022 жылғы қарашада болатын ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына дайындық барысы туралы мәлімдеді.

М.Тілеуберді ҰҚШҰ қызметінің түрлі аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етіп, аталған халықаралық ұйымның одан әрі дамуы туралы көзқарасымен бөлісті.

ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған халықаралық өңірлік ұйым. Оның құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.