Елші А. Исетов өз сөзінде Таиланд Короліне Қазақстанның Таиландтағы ресми өкілі ретінде танылғаны үшін алғыс айтты. Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі ретінде Таиландпен достық қарым-қатынастарына үлкен мән беретініне назар аударылды.

Өз кезегінде, Таиланд Королі сенім грамоталарын қабылдап, қазақстандық дипломатқа екі ел халықтарының игілігі үшін жұмысында сәттілік тіледі.

Биыл Қазақстан мен Таиланд екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде.