Қазақстандық омбудсмен Эльвира Әзімова омбудсмен қызметінің институционалдық негізі, Қазақстанда болып жатқан саяси реформалар мен әлеуметтік қайта құрулар туралы айтып, қазақстандық адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің алдында тұрған негізгі міндеттерді айтып берді.

Өз тарапынан Пәкістанның федералды омбудсмені Ежаз Ахмад Куреши Ислам Республикасындағы омбудсмен институттарының қалыптасу және оның даму тарихы, жүргізіліп жатқан жұмыстың ерекшелігі, соның ішінде орын алған табиғи апат – 2022 жылдың өткен тоқсанында Пәкістанды басқан су тасқыны тұрғысынан баяндады.

Келіссөздер барысында тараптар жүйелі негізде ынтымақтастықты құру мақсатында екіжақты шартқа қол қою туралы келісімге уағдаласты.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап Пәкістанның омбусмені президенті болып табылатын Азия омбудсмендері қауымдастығына қосылуға қызығушылық білдірді.