Оның айтуынша, биыл ел бойынша шаруалармен 60 мың семинар өткізілді. Көрме барысында осы шаралардың қорытындысы шығарылып, қол жеткізілген жетістіктер таныстырылады. 

«Биыл көрме аясында тұқым шаруашылығына арналған халықаралық конференция өтеді. Оған Түркия елінің бизнес өкілдері де қатысады. Жалпы, Мемлекет басшысы Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай, шарада бірқатар үлкен бағдарламалар талқыланады, оның ішінде ғылыми орталықтардың, тәжірибелік станциялардың бизнеспен жұмыс істеу мәселелері қаралады. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі де талқыланады. Кәсіпкерлер өз ұсыныстарын айтады. Алдағы жылдары ғылым саласындағы жұмыстар бизнеспен интеграциялана отырып, жүзеге асырылады», - деді спикер.