«Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған Азаматтық қоғам институттарының бірі қоғамдық кеңестер болып табылады. Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес қоғамдық кеңестер құқықтық мәртебеге ие және өз қызметін тәуелсіздік, дербестік, автономды және жариялылық қағидаттарында жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші органдар болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 256 Қоғамдық кеңес өз қызметін республикалық және жергілікті деңгейде жүзеге асырады. Сондай-ақ қоғамдық кеңестерді квазимемлекеттік ұйымдар құрады. Қазіргі уақытта қоғамдық кеңестердің құрамына 4000-ға жуық адам тартылған, оның 86%-азаматтық қоғам өкілдері», - деді комитет төрағасы.