«Қазіргі кезде Украинада сапармен жүрген Қазақстан азаматтарының санын тексеріп жатырмыз. Себебі соңғы оқиғаларға байланысты ол елдегі азаматтар азайған. Кеше Украинадағы біздің елшілік көмек көрсету бойынша тиісті мәлімдеме жасады. Бастапқы эвакуация кезінде көбісі ол елден кетіп қалған еді. Олардың кейбірі қайтадан баруы мүмкін. Сондықтан қазір нақты санын айта алмаймын», - деді А. Смадияров Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, шекара ашық болғандықтан, ел азаматтары Украинаға сапармен барып жүр.

«Елшілік жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір елшілікті жабу емес, ондағы қызметкерлерімізді эвакуациялау мәселесі қарастырылып отыр. Таяу күндері осы мәселе шешіледі. Атап айтқанда, эвакуация толық жүргізілуі мүмкін», - деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасады.