Сонымен қатар, министр егін жинау науқанының соңғы кезеңдері туралы есеп берді. Бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында астық жиналды. Соңғы мәліметтер бойынша орташа өнімділігі 13,5 ц/га болатын 21,6 млн тонна астық бастырылды.

Мал шаруашылығында ет өндірісінің 0,7%-ға (1 464,5 мың тонна), сүт өндірісінің 1,8% - ға (5 087,7 мың тонна), жұмыртқа өндірісінің 5,3%-ға (3 824,4 млн дана) өскені байқалды.

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсу қарқыны бойынша Қостанай облысы – 119,9%, Ақмола облысы – 116,5%, Маңғыстау облысы – 114,8% және Солтүстік Қазақстан облысы -112,2%- бен көш бастап тұр.

Бұдан бөлек, азық-түлік өндірісінің көлемі 3,7%-ға, ақшалай баламада 2,1 трлн теңгеге дейін өсті.

«Бұл ретте қант өндірісінің 49,8%-ға - 179,4 мыңнан 268,7 мың тоннаға дейін, жарманың 40%-ға, өсімдік майының 39,9% -ға өсуі байқалады», - деп атап өтті министр.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестицияларға келетін болсақ, олар 598,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ға артық. Азық-түлік өндірісіне инвестициялар 27,6% -ға ұлғайып, 88,8 млрд теңгені құрады.

Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр, деп қорытындылады Ербол Қарашөкеев.