11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов құжат тапсырды.

Оның кандидатурасын «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.

Тапсырылған құжаттар тізбесі:

1. «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Хайролла Ғабжалиловтің президенттікке кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Қазақпарат