«Бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарлануда: аз қамтылған отбасыларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсету, қаланың мәдени іс-шараларына тегін апару, экосенбіліктер, қарттарға азық-түлік себеттерін тапсыру, қарттар үйіндегі концерттер, джиу-джитсу жаттықтырушыларының қатысуымен ашық жаттығулар, ерекше балаларға арналған хайуанаттар бағына тегін экскурсиялар және тағы басқалар», – деп хабарлады қалалық әкімшілікте.

Жақсылық керуенінің қатысушысы кез келген адам бола алады. Ол үшін 8-701-496-45-25 нөмірге қоңырау шалуға болады немесе әлеуметтік желіде #Республикакүні #25игііс #Жанашыржүрек. хештегімен жасаған игі істеріңіз туралы есеп жариялауға болады.