Құрметті қонақты елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
 
Ильхам Әлиев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады деп күтілуде.

Анықтама: 12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Саммитке Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам 
вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады.
 
14 қазанда Астанада Достастықтың жоғары органы – ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Іс-шара барысында ТМД алаңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжатты қарау және қабылдау жоспарланған.