Осылайша, тараптар екіжақты сауда тасымалын кеңейту, өзара экономикалық және коммерциялық мүдделерді қолдау, қазақстандық және түрік тұтынушыларының қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау, саудадағы техникалық кедергілерді жою үшін ынтымақтастықты күшейту ниеттерін бекітті.  Техникалық ынтымақтастықтың, коммуникациялардың және ақпарат алмасудың үздіксіз арнасын белгілеу мақсатында тараптар жан-жақты консультациялар және ынтымақтастық жөніндегі комитет құру туралы мәселені пысықтауға келісті. 

Меморандумда айқындалған уағдаластықтардан басқа, қазақстандық тарап өлшеу аспаптары мен эталондарды калибрлеуді жүргізу үшін Түркияның сынақ және калибрлеу зертханалары көрсететін қызметтер спектрін кеңейтуге ниет білдірді.