Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты. 

Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.