Осы келісімге қол қою медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды, инвестициялық жобаларды, электрондық денсаулық сақтауды іске асыруды, медицинадағы жетістіктер мен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды бірлесіп өткізуді қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ықпал ететін болады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасында Денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды.

Құжат медициналық-санитарлық  алғашқы көмекті енгізу, екі елде де денсаулық сақтау бағдарламалары туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ ғылыми және медициналық басылымдар мен журналдармен алмасу, статистикалық әдістерді қоса алғанда, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелері және эпидемиология, оның ішінде статистикалық әдістер саласында тәжірибе алмасу салаларында ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.