Бірлескен кешенді бағдарламаны әзірлеу туралы уағдаластыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қазандағы Түрікменстанға мемлекеттік сапары кез3нде қол жеткізілді.

Кешенді бағдарлама сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, денсаулық сақтау салаларында 30 іс-шараны іске асыруды көздейді. Екі елдің іскер топтары өкілдері арасында тікелей байланыс орнатуға баса назар аударылған. Бұл Іскерлік кеңестің қызметін жандандыру, бизнес-форумдар өткізу, сауда үйлерін құру, түрікмен темір жолдары үшін локомотивтер мен жиынтықтауыштарды, қазақстандық өндірілген автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу, сондай-ақ «KazakhExport» ЭСК» АҚ қаржы-сақтандыру құралдарын қолдана отырып, қазақстандық сервистік компаниялардың қызметтері мәселелерін пысықтау.

Екі елдің жеке капиталын тарта отырып, Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен агроөнеркәсіп кешендерін құруды пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кешенді бағдарлама сауданың преференциялық жағдайларын жасау, техникалық реттеу саласында ақпарат алмасу және импортталатын өнімге қойылатын міндетті (оның ішінде ветеринариялық, фитосанитариялық) талаптар, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және олардың тұқым шаруашылығы саласында тәжірибе және озық технологиялармен алмасу үшін құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі шараларды көздейді.

Сондай-ақ көлік және транзит салаларындағы шараларды үйлестірудің маңыздылығын ескере отырып, тараптар екі елдің аумағы бойынша Қытайдан/Қытайға контейнерлерді транзиттік тасымалдауға қолайлы тарифтік саясатты белгілеу жұмыстарын жалғастыруды келісіп, «Түрікменбашы-Құрық-Махачкала» порттары арасында паром қатынасын ашу мәселесін пысықтайды.