Қазақстан тарапынан аталған іс-шараға Қазақстанның Кубадағы Елшісі Андриан Елемесов, ҚР СІМ Америка департаментінің директоры Нұрғали Арыстанов, Қазақстан Сыртқы сауда палатасы төрағасының кеңесшісі Рустам Таженов және ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты. Куба тарапынан осы елдің Қазақстандағы Елшісі Оскар Сантана Леон, Сауда палатасының вице-президенті Рубен Рамос, биотехнологиялық және фармацевтикалық, сондай-ақ туристік компаниялардың өкілдері қатысты. 

Қатысушылар биофармацевтика және медицина саласындағы, атап айтқанда, әлемде танымал кубалық «БиоКубаФарма» компаниясымен, сондай-ақ туризм аясындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын талқылады. Консультациялар барысында кубалық медицина әлемдік медицина үшін күрделі ауруларды емдеуде тиімділігі аталып өтті. 

Қазақстандық тарап Кубамен туристік салада өзара ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдіруде. Осыған орай, Қазақстан мен Кубаның туристік агенттіктері арасында тікелей байланыс орнатылады.

Іс-шараның қорытындылары бойынша қатысушылар келіссөздердің маңыздылығын атап өтіп, өзара мүдделі салалардағы екіжақты қатынастарды жандандыру үшін қазақстандық және кубалық сарапшылардың бұдан арғы кездесулері тұрақты түрде өтетініне сенім білдірді.