Күн тәртібіне сәйкес отырысқа қатысушылар Қазақстанның «жасыл экономикаға", «экологиялық білім беруге» көшуі және өңірлердегі Орхус орталықтарын қолдау мәселелерін талқылады.

Әлемде үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің нақты саясатын қалыптастыруға белсенді әсер етіп, азаматтық бастамалар көтеріп, жұртшылықпен кері байланысты қамтамасыз ететіні бұрыннан танылған, деп атап өтті Министрліктің Аппарат басшысы А.Әбдікешов.

Бүгінгі таңда Экология министрлігі ҮҚТ қағидаттарын, жасыл технологияларды және жасыл көпір серіктестік бағдарламасын ілгерілету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға ерекше назар аударуда. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін тәжірибелі сарапшыларды тарта отырып, іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жоспары қалыптастырылды.

Отырысқа шақырылған PAGE ұлттық эко білім беру сарапшысы қатысушыларға 2025 жылға қарай «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша «Экология» курсымен білім алушылардың 50%-ын қамту жоспарланғанын хабарлады. Білім беру бойынша Ұлттық деректер базасына сәйкес 2022 жылы мектептерде білім алушылар саны шамамен 3,6 млн. адамды құрайды; 5-9 сыныптарда білім алушылар саны 1,8 млн., 10 сыныптарда - 175 мыңнан астам адам. Экологиялық біліммен қамтылған білім алушылардың көрсеткіші 56 %-ды. құрады.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар Орхус конвенциясын іске асыруда үкіметтерге көмек көрсету және азаматтарға Конвенцияда көзделген құқықтарын түсінуге және жүзеге асыруға көмектесу үшін құрылған Орхус орталықтарын қолдау мәселелерін талқылады.

Қазақстанда Орхус конвенциясының ережелерін іске асыру процесіне тартылған 15 Орхус орталығы мен бірқатар ҮЕҰ жұмыс істейді.

Анықтама: Орхус конвенциясы – БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының «Ақпаратқа қол жеткізу, қоғамның шешімдер қабылдауға қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізу туралы» Конвенциясы.