Алқаның кезекті отырысы үш елдің құтқару қызметтерінің басымдықтарын нақты белгілеуге және одан әрі ынтымақтастығының нақты шараларын айқындауға мүмкіндік берді.

«Біздің ведомстволар арасында ТЖ кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жолға қойылған, ТЖ алдын алу және жою және елдердің бірінің аумағында ТЖ туындаған жағдайда бірлескен іс - әрекеттер саласында тығыз өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда», - деп Қазақстан Республикасының ТЖ министрі өз сөзінде айтып кетті.

Юрий Ильин, бүгінгі таңда ғаламшардың жаһандық климатының өзгеруі және бүкіл әлемде болып жатқан табиғи апаттар мен катаклизмдер құтқару қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету қажеттігін көрсетіп отырғанын атап өтті.

Бұл ретте, азаматтық қорғау органдарының ынтымақтастығы үшін тиімді алаңдардың бірі бірлескен алқа болып табылады, оның барысында өзекті ұсыныстар әзірленеді.

Алқа барысында табиғи экожүйелердегі өрттерді сөндіру кезінде авиацияны жетілдіру және қолдану шаралары күштер мен құралдардың жерүсті топтарымен бірлесіп талқыланды, таулы жерлердегі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды, ТЖ мониторингі және болжау саласында тәжірибе алмасу жүзеге асты.