«Азия кеңесіндегі ең басты құжат «Трансформация жөніндегі Астана мәлімдемесі» болды. Азия кеңесін толыққанды өңірлік халықаралық ұйымға біртіндеп кезең-кезеңмен және консенсусқа негізделген трансформациялаудың құрылымды, инклюзивті және ашық келіссөздер процесі басталды деген сөз. Айта кетейік, ҚР Президенті Қ.Тоқаев бұл туралы әрдайым айтып жүретін. Азия кеңесінің қазіргі ерекшеліктері халықаралық ұйымға ұқсайды. Өйткені, басқару органдары, атқарушы органдары, құрылымдары бар», - деді спикер.