«Бұл мәлімдеме шеңберінде трансформацияның алғашқы қадамдары белгіленді. Осы күнге дейін барлық кездесулер басқосу немесе кездесу деп аталып келсе, енді бұл кездесулер институционалдық дәрежеге көтерілді және олар енді мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі кеңес, ал сыртқы істер министрлерінің басқосулары сыртқы істер министрлерінің кеңесі деп аталды. Екінші институционалды шешім – хатшылықты басқарып отырған Атқарушы директордың мәртебесі Бас хатшы мәртебесіне айналдырылды. Орта және ұзақ мерзімді перспективада мүше мемлекеттер алға қойған мақсаттарға сай Азия кеңесінің заңнамалық және әкімшілік базасын нығайту, бюджеттік және кадрлық механизмдерді халықаралық практикаға жақындату жолымен бірқалыпты трансформация процесін жалғастыру көзделген», - деді спикер.