Отырысты Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ашты. Осыдан кейін ол Тунис Республикасының ауыл шаруашылығы, су ресурстары және балық шаруашылығы министрі Махмуд Элиес Хамзеге төрағалықты тапсырды.

Әрі қарай IOFS Е.П. бас директоры Ерлан Байдәулет қазақстан төрағалығының қорытындысы, сондай-ақ IOFS-тің 16 стратегиялық бағдарламасын іске асыру бойынша жетістіктерге арналған презентациямен таныстырды. Сонымен қатар 5-ші IOFS Бас Ассамблеясының министрлік сессиясы барысында әртүрлі серіктестермен, соның ішінде Араб құрғақ аймақтар мен құрғақ жерлерді зерттеу орталығымен (ACSAD), Тунистің ұлттық ауылшаруашылық зерттеулер институтымен (INRAT), Гвинеяның Сауда-өнеркәсіп палатасымен және Тунис өнеркәсіп, сауда және қолөнер одағымен (UTICA) ортақ мүдде бар салаларды зерделеу және ынтымақтастықты нығайту бойынша өзара түсіністік туралы бірқатар екіжақты меморандумдарға қол қойылды.

Отырыс қорытындысы бойынша 5-ші Бас Ассамблеяның қарары қабылданды, оған мынадай шешімдер кірді: ИӘҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі күнін 11 желтоқсанда атап өту, IOFS өңірлік кеңселерін ашу, азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастықты кеңейту, Тамақ өнеркәсібі халықаралық ислам қауымдастығын (IFPA) қайта құру және дамыту, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстарын сақтау және пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты күшейту. Олар «Алматы форумы» декларациясының құрамдас бөлігі.

Сонымен қатар шара аясында IOFS бас директоры Тунис қаласындағы Kram көрме орталығында өткен 14-ші Халықаралық ауыл шаруашылығы инвестициялары мен технологиялары көрмесіне (SIAT) қатысты.