Оның айтуынша, 2004 жылы қабылданған тарихи құжат 2021 жылы қайта жаңарды. Азия кеңесі шеңберінде ең басты кітап болып саналатын, ең басты тетіктердің тізімін реттейтін Сенім шаралары каталогы – Азия дипломатиясының тарихында бұрын болмаған дүние.
«Екі жыл төрағалық етудің қорытындылары саммитте, былтыр өткен министрлер деңгейіндегі кездесуде қамтылған. Қазақстан төрағалығының осындай сәтті болуына Қазақстанның сыртқы саясатының сабақтастығы, бейбіт өмірге деген ықыласы ғана емес, басқа да Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің қолдауы да септігін тигізді. Бұрын кеңес құрамында екі құрылым ғана болса, қазіргі кезде 5 институт бар. Төрағалықтың стратегиялық мақсаты - Азия кеңесінің мәртебесін көтеру, Азияның әлем саясатындағы жаңа рөліне сәйкес келетін Азия кеңесін жаңа белеске шығару. ҚР азаматтары, дипломаттары үшін - бұл үлкен табыс, жеңіс. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал саясатының басқа мемлекеттердің қолдауына ие болуының белгісі», - деді кеңестің бас хатшысы.