Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев актер және тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың Instagram желісіндегі Мемлекеттік Ту бейнеленген челленджіне қолдау білдірді.

Аталмыш челлендж 2020 жылы 25 маусымда жарияланды.

«Көк туымыз мәңгі желбірей берсін!» деп жазды Президент.

Нұрлан Қоянбаев Президенттің қолдауына өз ризашылығын білдіріп, желіде жауап жазды.

«Достар, біздің жобамызды Президент қолдады! Біздің бастаған жобамыз – әлеуметтік желіде де бір ел, бір күш екеніміздің айғағы. Көк туымыз желбірей берсін! Президентімізге #respect !!!» деп жазды ол желіде.

Нұрлан Қоянбаев қазіргі уақытта бұл жарияланым 13 млн 890 мыңнан астам пікір жинағанын жазды. Айта кетейік, бұл бастама пікір қалдырушылар саны жағынан әлемдік рекорд орнатуды көздейді.