ЗИКСТО «КТЖ-Экспресс» үшін жолаушылар вагондарын шығаратын болады. Зауытта білім мен біліктілік деңгейі бар. Қазір 300 вагонды құрастыруға келісім-шарт жасалып жатыр. Жолаушылар вагондарының екі түрі сертификатталды. Келесі айдан бастап жұмыс істеп тұрған цехтарда өндіріс басталады.

Жолаушылар үшін біздің вагондар жайлы болмақ. Әрбір купеде теледидар мен кондиционер бар. Душ кабиналары орнатылған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бөлек дәретхана бар.

Сонымен қатар кәсіпорын «КТЖ-Экспресс» компаниясына 2000 платформалық вагон шығару бойынша екі жылдық келісімшартты орындауда. Қазірдің өзінде 1234 платформалық вагон жеткізілді. Жалпы, зауыт тұрақты жұмыс істейді. Жаңа өнім дегеніміз - жаңа жабдықтарға инвестиция, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, салықтың көбеюі. Өткен жылы кәсіпорын 222 миллион теңге салық төлеген. 9 айда 380 млн теңге салық төленсе, жыл қорытындысы бойынша 425 млн теңгеге жетпек.