Фестивальге Сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен 10 театр қатысады. Қойылымдарды белгілі театр сыншыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Фестиваль аясында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық артисі Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың шығармашылығына арналған дөңгелек үстел, Ш.Жандарбекова шығармашылық ғұмырынан сыр шертетін көрме, Ерғазы Төлеудің «Шолпан жұлдыз» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Фестивальге сахна саңлағының көзін көрген театр қайраткерлері, төл шәкірттері мен зиялы қауым өкілдері шақырылуда.

Сонымен қатар, фестиваль аясында Қазақстанның Халық артисі Қадыр Жетпісбаевтың 80 жылдығына арналған іс-шаралар да жоспарланған.

БАҚ  НАЗАРЫНА!

18 қазанда сағат 15.30-да Қазақстан драма театрларының XXVIIІ Республикалық фестивалінің  ашылуына орай БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтеді.

Баспасөз конференциясына:

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры Жаудыр Айболат Жанғалиұлы;

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қыстықбай Қуандық Қапсалаңұлы;

Театртанушы, өнертану докторы, профессор, Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің мүшесі, қазылар алқасының мүшесі – Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы;

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театр өнері бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің мүшесі, қазылар алқасының мүшесі – Мұқан Амангелді Оразбайұлы қатысады.

Өтетін орны: «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» (Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1)

Толық ақпарат үшін:

+ 7 705 990 25 95 Ақерке И

ФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ