«Жалпы, соңғы 4 жылда апаттылықтың азайғаны байқалады. Биыл 10 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, 1716 адам қаза тауып, 13 мыңнан астам адам әртүрлі дене жарақатын алған. Бұл жағдайдың негізгі себептерінің бірі – көлік жүргізу тәртібінің төмендігі. Қарапайым қағидаларды сақтау жолдағы тәуекелдердің алдын алуға көмектеседі. Есіңізде болсын, сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі жолдағы тәртіпке байланысты», - деп ескертті спикер.