Осыған байланысты 2022 жылдың басынан бері микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 72 ұйымға (бұдан әрі – МҚҚЖҰ), оның ішінде 18 микроқаржы ұйымына (бұдан әрі – МҚҰ), 42 ломбардқа және 8 кредиттік серіктестікке қатысты Агенттік микроқаржылық қызметке арналған лицензиядан айыру түрінде санкциялар қолданды.

Лицензиядан айыруға мыналар негіз болды:

  • 10 МҚҰ, 7 ломбард және 6 кредиттік серіктестік бойынша: лицензия алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмау;
  • 1 МҚҰ бойынша: уәкілетті органның жазбаша ұйғарымдарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамау;
  • 1 МҚҰ бойынша: қызметін заңдардың, уәкілетті органның, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асыру, сондай-ақ заңнамалық түрде рұқсат етілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру;
  • 6 МҚҰ, 39 ломбард және 2 кредиттік серіктестік бойынша: қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты қызметті ерікті түрде тоқтату.

Сонымен қатар, уәкілетті органның жазбаша ұйғарымын орындамағаны үшін «Ломбард Astana Gold» ЖШС лицензиясының қолданысы 08.08.2022ж. бастап 3 айға тоқтатылды (Заңның 16-бабы                  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес).

Агенттік 50 АЕК-ке дейінгі қысқа мерзімді онлайн микрокредиттер сегментінде жоғары өсімді байқап отыр. Осыған байланысты  50 АЕК-ке дейінгі онлайн микрокредиттер бойынша берешектің шамамен 80%-ы үлесіне тиетін 10 ірі МҚҰ-ға қатысты тексеру жүргізу жоспарланып отыр.  Ағымдағы жылдың соңына дейін 6 МҚҰ-да тексеру аяқталатын болады.

Санкциялар қолданылған МҚҚЖҰ бойынша барынша жан-жақты ақпаратпен «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар» бөлімінде танысуға болады.