«Министрлікте бос орындар көп емес, 10%-дан кем. Өрт сөндіру бөлімдеріне жұмысқа орта мектеп бітірген, 18-ге толған азаматтар орналаса алады. Әр облыста Азаматтық қорғау академиясының филиалдары ашылған. Жастар онда уақытылы дайындықтан өткен соң жұмысқа кіріседі. Содан кейін жыл сайын дайындық курстарынан өтіп тұрады. Қазіргі кезде кадр тапшылығы жоқ», - деді спикер.