Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен
 Ұлттық қой өсірушілер одағы кеңесінің төрағасы Тынышбай Досымбеков;

«Құрмет» орденімен еңбек ардагері Виктор Иванович Волокитин;

«Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағы Қонаев қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Қуаныш Қайыржанұлы Қайыржан;

«Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері Жасұлан Жақсылықұлы Нүсіпов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Оңтүстік агропаркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Қали Жетібайұлы Қаңтарбаев;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Абай ауылындағы №2 орта мектебінің директоры Бәтима Кәлпеқызы Нысанбаева;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің аға тілшісі Рәпбек Сәдуақасұлы Терлікбаев наградталды.