Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:


«Парасат» орденімен
 «Жетісу» авиакомпаниясының президенті Қалмұхамет Жағыпарұлы Дөңсебаев;

«Парасат» орденімен еңбек ардагері Әуесхан Мажай;

«Құрмет» орденімен еңбек ардагері Әміре Әрінұлы Әрінов;

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Жазылбеков және К» шаруашылық қожалығының шопаны Ардақ Абайұлы Бекчойнов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Есімжанов» шаруашылық қожалығының төрағасы Мұхит Айтмұхамбетұлы Есімжанов;

«Шапағат» медалімен Безродных атындағы орта мектептің мұғалімі Светлана Петровна Минченко наградталды.