Бұған бірқатар факторлар әсер етеді. Біріншіден, климаттың өзгеруі, су ресурстарының республика аумағы бойынша біркелкі бөлінбеуі және соған байланысты су ресурстарына түсетін жүктеме. 


«Жағдай су ресурстарына қатысты ахуал өңірлерде айтарлықтай өзгеріп жатқанымен күрделене түседі. Елдің шығыс аймағы су ресурстарымен барынша қамтамасыз етілген. Ең аз қамтамасыз етілген Орталық Қазақстан (Нұра-Сарысу бассейні). Оңтүстік және батыс аймақтар көрші елдерге тәуелді. Су тапшылығы оңтүстік және батыс өңірлерге көбірек әсер етеді деп болжануда», - деп атап өтті министр. 


Бұдан басқа, су саласының ағымдағы жай-күйінің ең өзекті проблемалары ескірген инфрақұрылым және сонымен байланысты үлкен шығындар, сапалы судың тапшылығы, тариф белгілеудің әлсіз тетігі, іргелес мемлекеттермен су бөлу мәселелері, су ресурстарын басқару кезінде қабылданатын шешімдерді әлсіз ғылыми сүйемелдеу және білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып қалуда.