«Қазіргі уақытта нұсқаманың орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін ол жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындау үшін беріледі. 2022 жылы 47 материал сот орындаушыларына жіберілді. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілермен жұмысшылардың жалақысын көтеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Нәтижесінде жыл басынан бастап 1,9 мың жұмыс беруші 1,2 млн-нан астам жұмыскердің жалақысын 5-тен 50%-ға дейін көтерді», - деді спикер.