«Бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында еліміздің 2 800 кәсіпорны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді. 2019 жылдан бастап біз «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Бүгінгі таңда оған 332 кәсіпорын қосылды. Бұдан басқа, өңірлердің әкімдіктері ең көп жазатайым оқиғаларға жол берген жұмыс берушілермен бірлесіп, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жекелеген іс-шаралар жоспарларын бекіту бойынша жұмыс жүргізді. Осындай жоспарлар еліміздің 173 кәсіпорнында бекітілген. Министрлік алдына зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын айтарлықтай қысқарту және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету міндетін қойып отыр. Осы мақсатта 2025 жылға дейін қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары іске асырылады, онда өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетіктерін жетілдіру; өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру тетігін жетілдіру; зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге кепілдіктер берудің тәуекелге бағдарланған тетігін енгізу көзделеді. Осы іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициентін 0,20-ға дейін төмендету (2021 ж. – 0,22); зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің үлес салмағын 20%-ға дейін қысқарту күтіледі», – деді комитет төрағасы.  


Еңбек министрлігі барлық қажетті шараларды қабылдайтынын және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы профилактиканың ұлттық мәдениетін қалыптастыру және нығайту, мемлекеттік еңбек инспекциясының тиімді жүйесін құру арқылы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін еңбекті қорғау саласындағы ғылыми инфрақұрылымды дамыту, қызметкерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша жағдай жасайды.