Бүгінгі таңда 13 Халал ұлттық стандарты қолданылады. Биыл 16 стандарт әзірленуде. Оның ішінде ағымдағы жылы қабылдау жоспарланып отырған 5 ұлттық стандарт және 11 мемлекетаралық стандарт бар.

Осы Халал ұлттық және мемлекетаралық стандарттары Халал өнімдеріне арналған жалпы ережелер, Халал сертификаттау органдарын, зертханаларын аккредиттеу талаптары, менеджмент жүйесі және тағамдық тізбек және т.б. секілді бағыттар бойынша әзірленеді.

Осы стандарттарды әзірлеушілер ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартпен бірлесіп 101 «Тағамдық, Халал өнімдері мен қызметтердің азық-түлік қауіпсіздігі»  техникалық комитеті болып табылады.

Стандарттар әзірлеу сатысында және олар бекітілгеннен кейін ҚазСтандарттың ақпараттық ресурстарында ашық қолжетімділікте болады, осылайша тұтынушылардан бастап өндірушілер мен қызметтерді жеткізушілерге дейінгі барлық мүдделі тараптардың олармен танысу мүмкіндігі болады.

Бұдан басқа, 2022 жылғы қазан айында ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Катар стандарттау жөніндегі бас ұйымы арасында халықаралық қағидаттар мен нормалар негізінде стандарттау, сәйкестікті бағалау және метрология саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум елдер арасындағы осы салалардағы ынтымақтастықты нығайтады, Қазақстанның экспорттық әлеуетін іске асыруға және Катар нарығына қауіпсіз және сапалы өнім жеткізуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін:

 

Негізгі секторлардағы 2021 жылғы жаһандық халал экономикасының көлемі:

Тамақ өнімдері – 2 трлн АҚШ доллары

Фармацевтика және косметика – 160 млрд АҚШ доллары

Исламдық сән – 280 млрд АҚШ доллары

Туризм – 194 АҚШ доллары

Медиа және ойын-сауық – 222 млрд АҚШ  доллары

Исламдық қаржыландыру – 2,89 трлн доллар

 

Қолданыстағы стандарттар:

  1. ҚР СТ 1353-2005 «Халал пісірілген шұжықтар». Жалпы техникалық шарттар»;
  2. ҚР СТ 1632 – 2007 «Туристік-экскурсиялық қызмет көрсету. «Халал» қонақ үйлері. Жіктеу;
  3. ҚР СТ 3453-2019 «Халал өнімдері. Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын сою бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар»;
  4. ҚР СТ 3454-2019 «Халал қоғамдық тамақтандыру қызметі. Жалпы талаптар»;
  5. ҚР СТ 3483-2019 «Халал өнімдері. Негізгі ережелер»;
  6. ҚР СТ 3484-2019 «Халал өнімдерінің ұлттық сəйкестік белгісі. Техникалық талаптар жəне таңбалау тəртібі»;
  7. ҚР СТ 3485-2019 «Халал өнімдері. Сəйкестігін растауды жүргізу тəртібі»;
  8. ҚР СТ GSO 2468-2021 «Халал тамақ өнімі. Тауарларды тасымалдауға және/немесе жүк тізбегінің көрсетілетін қызметтеріне арналған менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар»;
  9. ҚР СТ GSO 2469-2021 «Халал тамақ өнімі. Қоймаға жинауды және ілеспе қызметті басқару жүйесіне қойылатын талаптар»;
  10. ҚР СТ GSO 2470-2021 «Халал азық-түлік тауарлары. Бөлшек саудаға арналған менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар»;
  11. ҚР СТ 3739-2021 «Халал туризм бойынша көрсетілетін қызметтер. Жалпы талаптар»;
  12. ҚР СТ 3737-2021 «Халал косметика. Жалпы талаптар»;
  13. ҚР СТ 3738-2021 «Халал өнім. 4-бөлім. Косметикаға және жеке гигиена құралдарына қойылатын талаптар».

 

Әзірленетін стандарттар:

  1. ҚР СТ «Сәйкестікті бағалау. Халал сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар»;
  2. ҚР СТ «Халал сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»;
  3. ҚР СТ «Халал тамақ өнімдеріне қосылатын тағамдық қоспалар мен басқа химиялық заттарға қойылатын жалпы талаптар»;
  4. ҚР СТ «Халал өнімдері. 2-бөлім. Халал сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар»;
  5. ҚР СТ «Халал тағамдық өнімдеріне қойылатын жалпы талаптар»;
  6. ГОСТ «Халал тағамдық өнімдеріне қойылатын жалпы талаптар»;
  7. ГОСТ «Халал тағамдары мен сусындарын дайындау, беру және өткізу орындарына OIC/SMIIC 1 стандартын қолдануға қойылатын ерекше талаптар»
  8. ГОСТ «Сәйкестікті бағалау. Халал сәйкестікті бағалау органдарын аккредиттейтін Халал аккредиттеу жөніндегі органдарына қойылатын талаптар»;
  9. ГОСТ Халал тізбегін басқару жүйесі. 1-бөлім. Тасымалдау. Жалпы талаптар»;
  10. ГОСТ «Халал тізбегін басқару жүйесі. 2-бөлім: Сақтау. Жалпы талаптар»;
  11. ГОСТ «Халал тізбегін басқару жүйесі. 3-бөлім: Бөлшек сауда. Жалпы талаптар»;
  12. ГОСТ «Халал тағамдық желатин. Талаптар және сынау әдістері»;
  13. ГОСТ «Сәйкестікті бағалау. Халал өнімдерін сертификаттау схемасының мысалы»;
  14. ГОСТ «Сәйкестікті бағалау. Халалға байланысты қызметке қатысатын тұлғаларды сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар»;
  15. ГОСТ «Сәйкестікті бағалау. Халал өнімдерін зерттеуді орындайтын зертханалардың құзыретіне қойылатын талаптар»;
  16. ГОСТ «Сәйкестікті бағалау. Халал үшін біліктілікті тексерудің жалпы талаптары».