Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда авариялық тоқтап қалулар саны 22%-ға, ал олардың ұзақтығы 16%-ға артты. Бүгінгі таңда өндіруші қуаттардың тозуы шамамен 60% құрайды.
«Бұл жағдай тұтынудың рекордтық өсуі аясында елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сонымен қатар бұрын орын алған тапшылық электр энергиясына шекті тарифтерді енгізе отырып, 2009 жылдан бастап 2015 жылға дейін қолданыста болған «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасымен жабылды.
Жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында 1,2 ГВт жаңа қуаттарды енгізу және 1,7 ГВт қуаттарды қалпына келтіру арқылы орташа мерзімді қуат резерві құрылды», - деді спкиер.