«Жаңартылған модельдің маңызды бөлігі – қолданыстағы қолдау тетіктерін және нарық тарапынан кері міндеттемелерді күшейту. Бұл жаңашылдық технологиялық, экологиялық және басқарушылық салалардағы әлемдік трендтерді ескере отырып, саланы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын айқындауға мүмкіндік беретін, министрлік әзірлеп жатқан Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі Тұжырымдамасымен қатар жүретін болады. Бүгінгі таңда Электр қуаты нарығы шеңберінде салаға салынған инвестицияларды қайтаруға жұмсалатын қаражат көлеміне лимит белгіленді. Қазіргі уақытта ол 32 млрд теңге деңгейінде белгіленді, Министрлік бұл лимитті 100 млрд теңгеге ұлғайту мәселесін пысықтауда», - деді спикер.
Бұл жұмыс істеп тұрған электр станцияларын қосымша жаңғырту және кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.