Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономика, инвестиция және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-әрекеттерге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.